«Жәбірлеу» ұғымы заңнамалық түрде бекітілді
465
Мәжілістің жалпы отырысында бала құқығын қорғайтын заң жобасы әзірленді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың медициналық оңалту қызметтерін алуға қол жеткізуін кеңейту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою мерзімін қысқарту ескерілген. «Кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу, буллинг көріністерін алдын алу мақсатында «жәбірлеу» ұғымы заңнамалық түрде бекітілді.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыреті көзделген. Бұдан басқа, құқыққа қарсы контентке қарсы іс-қимыл тетігін, оның ішінде «онлайн-платформа», «лездік хабарлар алмасу сервисі» ұғымдарын бекіту арқылы регламенттеу жөніндегі нормалар ұсынылды», - деді депутат.
Сонымен қатар, білім беру саласындағы уәкілетті органның орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді айқындау әрі бекіту жөніндегі функцияларын бекітуге бағытталған нормалар көзделген.
«Заң жобасы 2021 жылғы 15 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Қазақстанда баланың құқықтарын қорғау үшін тиісті құқықтық негіз құру мақсатында әзірленді. Заң жобасында балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде оларды отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау тетіктерін іске асыруға бағдарланған нормалар көзделген», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмилә Нұрманбетова.
Атап айтқанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың медициналық оңалту қызметтерін алуға қол жеткізуін кеңейту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою мерзімін қысқарту ескерілген. «Кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу, буллинг көріністерін алдын алу мақсатында «жәбірлеу» ұғымы заңнамалық түрде бекітілді.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыреті көзделген. Бұдан басқа, құқыққа қарсы контентке қарсы іс-қимыл тетігін, оның ішінде «онлайн-платформа», «лездік хабарлар алмасу сервисі» ұғымдарын бекіту арқылы регламенттеу жөніндегі нормалар ұсынылды», - деді депутат.
Сонымен қатар, білім беру саласындағы уәкілетті органның орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді айқындау әрі бекіту жөніндегі функцияларын бекітуге бағытталған нормалар көзделген.
«Заң жобасы аясында қаралып жатқан мәселелердің кеңейгенін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл түзетулер барлық мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты қаралды», - деді Жәмилә Нұрманбетова.