Маңдайша мен мәзір қазақ тілінде: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

457
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
 
Заң жобасы хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруды көздейді. Бір кездері қазақтілді халық тұратын елді мекендерде мәзірді екі тілде жазуды талап еттік. Егер олай жасамаса айыппұл салынды. Бұл талап кәсіпкерлердің, тіпті мұндай қажеттілік болмаса да, мәзірді екі тілде жазуына алып келді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.