Елбасы протоколының бұрынғы басшысы Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

312

Фото: Алматы облысынң әкіміДандыбаев Арслан Момышұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Арслан Момышұлы Дандыбаев 1975 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар, референт мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі болып бастаған. 

Әр жылдарда Қазақстанның Стамбұл қаласындағы консулдығының, Түркия Республикасындағы елшілігінің атташесі, Амстердам қаласындағы бас консулдығының вице-консулы, Нидерланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Түркия Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол қызметі мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы, президент протоколының бас сарапшысы, консультанты, бас консулдық кеңесшісі, ҚР Стамбұл қаласындағы бас консулы, сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Басшысы, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ протокол қызметінің басшысы, сыртқы істер министрлігі мемлекеттік протокол қызметінің басшысы, президент протоколы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.