Тимур Құлыбаев "Газпром" директорлар кеңесіне қайта сайланып жатыр

369
Тимур Құлыбаев ресейлік "Газпром" директорлар кеңесіне қайта сайлануы мүмкін. Ол үш тәуелсіз директорлардың қатарында осы лауазымға үміткерлер тізіміне енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Алматы трагедиясынан кейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті, бірақ Kazenergy қауымдастығының төрағасы лауазымын сақтап қалды.

Kazenergy басшысы ретінде "Газпром" директорлар кеңесіне кандидаттар тізіміне енді.

Құлыбаевтан басқа компанияның екі тәуелсіз директоры – Губкин атындағы РМУ ректоры Виктор Мартынов және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ректоры Владимир Мау.

Тимур Құлыбаев алғаш рет "Газпром" директорлар кеңесіне 2011 жылы кірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.