Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

262

Генерал-майор Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Нұрлан Мәсімов бұған дейін Павлодар облысы полиция департаментін басқарған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мәсімов


"Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Мәсімов Н.М. қатысты сотқа дейнігі тергеу бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша), - делінген хабарламада

Қазір Мәсімовке қатысты іс қайта қаралып, сот қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.