"Сенімімді ақтамадыңыз!"...

350

Фото: Ақорда прессАқтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаладағы жолдарды жөндейтін мердігерлермен кеңес өткізді. Әкім олардың жұмысын қатаң сынға алды.

Ақтөбе тұрғындары жолды жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты реніштерін білдіріп, әлеуметтік желілерде шұңқырға толы жолдардың суреттерімен бөліскен. Еріген су жақында ғана жөндеуден өткен жолдарды шайып әкеткен екен.

Соңғы жиында әкім мердігерлердің жұмысын қатаң сынға алды. "Тағы да айтамын: сіздер менің сенімімді ақтамадыңыздар! Мемлекет бұл қызметті сіздерден, жол жұмысшыларынан сатып алды.

Сіздер бұл наразылықтардың барлығын экономикалық шиеленістен әлеуметтік шиеленіске айналдырып жатырсыздар. Бірталай сын-пікірге тап болдық. Кейбіріңізбен күштік тұрғыдан сөйлесетін боламын, себебі сіздер келісімшарттық міндеттемелеріңізді орындамай отырсыздар", - деді Асхат Шахаров мердігерлерге. 

Қала әкімі жосықсыз мердігерлерді сотқа беретінін ескертіп, жол зертханасынан жолдардың сапасын бақылауда ұстауды талап етті. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.