Латвия, Литва және Эстония өз шекараларынан ресейліктерге өтуге шектеу қойды

256

Фото: ВВСЛатвия, Литва мен Эстония мемлекеттері арқылы ресейліктер енді өз елдеріне және Беларуське өте алмайды. Тиісті шектеуді үш ел бірігіп жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Тыйым Ресейдің Шенген визасы бар барлық азаматына қатысты. Тек жүк көлігі жүргізушілері, дипломаттар мен гуманитарлық немесе шұғыл отбасылық себеппен келгендерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Шешімдерді ұлттық үкімет қабылдайды және сол күні заң күшіне енеді.

Естеріңізге салсақ, 31 тамызда Еуроодақ Ресеймен виза беруді жеңілдететін келісімді тоқтататыны белгілі болды. Бірақ ЕО елдері ресейліктерге виза беруге толықтай тыйым салу туралы келісімге келе алмады. 
Дәл сол күні Эстония Сыртқы істер министрлігі Латвия, Литва және Польшамен бірлесіп мәлімдеме жасап, Шенген визасы бар ресейліктерге қатысты жаңа шектеу шараларын енгізуді сұрады.
Сонымен қатар, визалық режимнің жойылғаннан кейін Ресей азаматтары Еуроодақ визалары үшін 35 еуроның орнына 80 еуро төлейді және виза беру қызметі ұзарып, көбірек құжат талап етіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.