Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді

316
Парламент Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған.

Сондай-ақ, заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.

Бұл ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.