Министр Цой кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты

419

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрі Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылы жарты миллион теңгеден асатынын мәлімдеді. 

Бұл туралы министр халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. 

Алексей Цой 2023 жылға дейін ведомство дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын еске түсірді. 

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерлерінің жалақысы яғни дәрігерлердікі - 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердікі - 20 пайызға өсті. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердікі - 210 мың теңгені құрайды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 76 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.