Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді

2 015
Елімізге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында мәдениет, өнер саласында және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғыртуда дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетінде болды, - делінген ақпаратта.


Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына ықылас танытып, тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетке келгені үшін алғысын білдірген.

Қазақстан АҚШ-тың саяси ойынының ішінде": Саясаттанушылар Блинкен елімізге не үшін келе жатқанын болжады.
Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктеріне жеке шектеулер енгізді
"Мемлекеттік хатшыға қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы айтып, олардың дыбыстық ерекшеліктерін көрсетті, - делінген хабарламада.