Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда ресми жұмыс істей алады

2 505

Фото:©ChatGPT көмегімен жасалғанҚазақстан азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Корея тарабы Қазақстан Е-9 жүйесіне қатысушы 18-мемлекет болды деген шешімге келген. Қазір Қазақстаннан бөлек, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Филиппин, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азияда Қазақстанды қосқанда, Өзбекстан, Тәжістан және Қырғызстан да осыған мүше атанған.

«Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін EPS-TOPIK орталығын ашу секілді ұйымдастыру шараларын аяқтау керек», – делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство дерегінше, Қазақстанды EPS жүйесіне қосу жөніндегі жұмысты 2023 жылдан бері жүргізіп келеді. Осы уақыт та азаматтарды іріктеп, даярлауға мүмкіндік беретін барлық қажетті рәсім реттілікпен орындалды.

«Биыл қаңтар айында Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалады. Олар EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары жөнінде ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды», – делінген мәліметте.

EPS жүйесіне қатысу Қазақстан азаматтарына мемлекеттер белгілеген рәсімдер шеңберінде Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Министрлік өкілдері жаңа тетіктің басты ерекшелігі – жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы жүзеге асырылатыны алға тартқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.