Мәслихат депутаттарының сайлауы: Үміткерлерге бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

2 505

Фото: istockphoto.comОрталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау науқаны кезінде жұмсайтын шығындарының мөлшерін белгіледі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті қаулыларға ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров қол қойды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың шығындары мынадай мөлшерде өтеледі:

теледидар мен радиода сайлауалды бағдарламасын таныстыру және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялау – 410 мың теңге;

жария сайлауалды іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 180 мың теңге;

көлік шығындары – 110 мың теңге.

Қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің шығындарына бөлінетін қаржы:

Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға – 400 мың теңге;

Үгіт пен іс-шараларға – 170 мың теңге;

Жол шығындарына – 80 мың теңге.

Аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға:

Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға – 290 мың теңге;

Үгіт пен іс-шараларға – 130 мың теңге;

Жол шығындарына – 80 мың теңге.

Айта кетейік, Үгіт-насихат жұмыстары 1 қараша сағат 18:00-де басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады. Ал 28 қараша – тыныштық күні. Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.