Бас бостандығы шектелген Бақауов парақшасында кезекті жазбасын жариялады

397

Фото: Орталық коммуникация қызметіПавлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов өзінің Instagram парақшасында кезекті жазба жариялады. Экс-шенеунік қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтаған.

"Бүгінгі таң өте ерекше. Айлардың сұлтаны Рамазаннан кейін қасиетті Айт мейрамы келіп жетті. Бұл күн ақ ниет пен мейірімділіктің, ізгілік пен адамгершіліктің мерекесі. Бір-біріне бауырмал, көршісіне кеңпейіл халықтың дархан көңілі шаттықа бөленуде. 

Қасиетті айда ұстаған Ораза қабыл болып, барлық армандарыңыз орындалсын. Ел арасына алауыздық түспей, іргеміз берік болсын.

 Келер жылдың Оразасына бәріміз аман-есен жетіп, жақсы күндерде жолығайық. Мамыражай мамыр айындағы әр мереке бақ-береке әкелсін. Бәріңізге амандық тілеймін", - деп жазған Бақауов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.