Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігіндегі бөлімдердің бірін басқарады

2 167

Фото: пресс-службы АкордыПрезидент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұл қызметті атқарған Айдын Құлсейітов мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі – Қазақстан Республикасының президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

Әкімшіліктің миссиясы президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.