Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі шегерілді – спортшылардан COVID анықталды

2 550

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform15 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ бұл іс-шара кейінге шегерілді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Zakon.kz-тің жазуынша, Б. Уәли Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесуі не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді.


«Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы.



Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.