Шымкентте лауазымды тұлғалар пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды

314
Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram каналында. 

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкерелеген.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

 Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.