Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы лауазымынан босатылды

348
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 

Шпекбаев өзінің еңбек жолын Алматы облысы бойынша Каменка ауылында слесарь болып бастаған.  Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы, Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы қызметтерін атқарған. 

2003-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болды.  
2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бері агенттіктің төрағасы болды.  

Кейінірек мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сынды екі ведомствоға бөлінді.

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне 2019 жылдың 14 маусымында тағайындалды. Үйленген, екі ұлы мен қызы бар