Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы жаңа орынбасарларын тағайындады

421

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Майя Бекбаева мен Зәкіржан Кузиев ҚХА басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Олардың орнына мәжіліс депутаты Наталья Дементьева мен "Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі" РҚБ басқарма төрағасы Тауфик Каримов тағайындалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.