Тоқаев Путин мен Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді

616

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің телеграмм-арнасы №1 Борт хабарлады.

Тоқаев мұнда Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін.

Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.


Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына қазіргі уақытта алты мемлекет: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.