Елбасы жұмыс сапары мен Жамбыл облысына барды

407
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына  сапарлатып барды. Алдымен, Елбасы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында  Елбасы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданының тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы  толық мәлімет берілді.

Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баян етті. Елбасы  өңір басшылығының жұмысына оң бағасын берді.

Кездесуден кейін Елбасы "Әлжан ана" тарихи музейінің қызметімен танысып және мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсімін тамашалады.

 Қазақстанның тұңғыш президенті сонымен қатар, ауылдағы Мәдениет үйін өз көзімен көріп келді. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана, түрлі үйірмелер жұмыс істейді және де 250 орындық концерт залы орналасқан.