«Ислам мемлекеті» Ирандағы жарылысты өз мойнына алды
"Ислам мемлекеті" (ИГИЛ) ұйымы немесе ДАИШ (бірқатар елде тыйым салынған) 2024 жылғы 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында генерал Қасым Сүлейманиді еске алуға арналған шеру кезінде болған жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Соңғы мәліметтер бойынша Қасым Сүлейманидің зираты маңындағы екі жарылыс кезінде кемінде 84 адам қаза тапты, ал 280-нен астамы ауыр жарақаттар алған.
Айта кетейік, "Құдс" арнайы күштерінің экс-қолбасшысы генерал Қасым Сүлеймани бұдан 4 жыл бұрын, яғни 2020 жылғы 3 қаңтарында Иракта АҚШ-тың әуе соққысынан қаза тапты. Кейінірек Пентагон оның АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамптың бұйрығымен өлтірілгенін растады.
Бұл жағдай Иранның Израильмен және АҚШ-пен қарым-қатынасындағы шиеленіс күшейген уақытта болып отыр. "Ислам мемлекеті" (ИГИЛ) немесе ДАИШ Telegram парақшасындағы аккаунттарында жарылысты екі жанкешті әрекетті ұйымдастырғанын хабарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Иранда терракт болып, жүзден аса адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Жарылыс 3 қаңтарда генерал Қасем Сүлеймани қайтыс болғанының төрт жылдығына арналған шеру кезінде болды. Қайғылы жағдайдан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты.