Премьер-Министр құрылыс материалдарының құнын арзандатуға қатысты тапсырма берді

340

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс материалдары саласына қатысты жауапты ведомство мен әкімдіктерге тапсырмалар берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Индустрия министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және әкімдермен бірлесіп бір ай ішінде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлесін», - деп тапсырды А. Мамин.

Сонымен қатар Индустрия министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының құнын арзандату үшін 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн алаңын пайдалануға енгізу жүктелді.

«Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдап, үнемі бақылауды қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, құрылыстың жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 6,1 пайыздан биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 6,25 пайызға өсті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.