Байден Мәскеу Украинаға басып кірсе, АҚШ қалай әрекет ететінін айтты

225

АҚШ президенті Джо Байден Украинамен шекараға жақын жерде ресейлік әскер қуатының артуына байланысты Америка қалай әрекет ететінін айтты - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп.


CNBC басылымы мәліметінше, ол Ресей тарапынан Украинаға қауіп туындаса елге американдық әскерлерді жіберу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеген.
"Украинаға әскерилерді біржақты енгізу туралы әңгіме жоқ. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, онда ауыр зардап келеді, экономикалық салдары қиын болады", – деді Америка президенті Путинмен келіссөздеріне қатысты.
Джо Байден АҚШ әскерлерін Украинада орналастырудың орнына оның әкімшілігі НАТО елдерінде америкалық әскердің қатысуын күшейту үшін жұмыс істейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, Байден АҚШ Украинаға қорғаныс құралдарын беруге дайын екенін айтты.
Ал Владимир Путин өз кезегінде Ресейдің Украинаға "шабуылы" туралы cұрақ арандатушылық тудыратынын мәлімдеді.