21 жастағы қызды көшеде пышақтап кетті

1 604

Фото: Видеодан скрин11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қыздың мәйіті Толеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан табылған. Полиция өкілдері қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ведомство қылмыстық іс қозғады. 

“Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазір оны ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.