21 жастағы қызды көшеде пышақтап кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қыздың мәйіті Толеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан табылған. Полиция өкілдері қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ведомство қылмыстық іс қозғады.
Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Қаз
Рус






