Ақтауда тағы бір қыз 15 қабаттан секіріп кетті

318

Куәгерлердің айтуынша, 15 ықшамауданда орналасқан "Оазис" тұрғын үй кешенінің он бесінші қабатынан бір қыз секіріп кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Жергілікті полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, кезекші бөлімге бір қыздың он бесінші қабаттан секіріп кеткендігі туралы ақпарат 29 желтоқсан күні сағат кешкі 17:58 шамасында түскен.

Әзірге биік үйден құлап өлген қыздың жасы 24-те екендігі жөнінде ғана дерек бар.

Қазір оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының басында Атырауда бір қыз 16 қабаттан секіріп, ал одан бұрын Алматыдағы биік үйдің 12 қабатынан жас қыздың секіріп қаза тапқаны туралы хабарлағанбыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.