Қызылордада ауыр жүк көліктерінің иелері заң талаптарын бұзған
Қызылорда көлік прокуратурасымен 2024 жылдың тамыз айында облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде өрескел заң бұзушылықтар анықталып, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда – Жезқазған бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолда Инспекциямен «Мұхтар» жеке кәсіпкері ауыр жүк көліктерімен (SHACMAN, HOVO) құрылыс заттарын рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асыра тасымалдаған 69 дерегі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабының 6-бөлігі және осы баптың 2-1 бөлігімен барлығы 5,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.
«Мұхтар» жеке кәсіпкерімен тасымалданған автокөлік құралдарының іс жүзінде жүріп өткен жолына 461 мың теңге алым соммасы бюджетке төленуі қамтамасыз етілді.
Жүкті қабылдаушы «STECOL CORPORATION» ЖШС-гі тасымалдаушы «Мұхтар» жеке кәсіпкерінен келіп түсетін жүктің массасын анықтауға мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтамасыз етпеген үшін (таразы, құжаттардың сақталуы) Кодекстің 571-1 бабының 1 бөлігі және 571 бабының 2-1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілігі қаралып 92300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.