RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Қоғам
96

Түркістан облысында кей аймақтарда 59 градусқа дейін аптап ыстық болды

 Түркістан облысындағы кей аймақтарда күн райы 59 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарап жатыр.

Онда күн райының Цельсий бойынша +59 градусқа жеткенін көруге болады.

Ал, «Қазгидромет» РМК мамандары аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.

«Түркістан облысында аптап ыстық 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі кезде ауа-райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 болып тұр. Қызылқұмда 44, Қазығұртта 40, Арыста 43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында 42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмін. Ал, 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немес 5 градусқа төмендеуі мүмкін», - дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.

Айта кетейік, синоптиктер осыдан екі күн бұрын Түркістан облысында күн райы 47 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған болатын.