Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген адам ұсталды

1 441

Фото: pixabay.comҚызылордада өзгенің көлігін сатып, ақшаны қалтаға басқан адам ұсталды, - деп хабарлайды "" деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын болғандығын айтып, полицияға арызданған. Әйелдің айтуынша, қыркүйек айында жергілікті тұрғын сеніміне кіріп, «Lexus» үлгісіндегі автокөлігін сатып беремін деп уәде беріп, көлікті иемденіп алған. 

«Күдікті қала тұрғынына жалған айтып, автокөлігін сатып жіберген. Өзінің алданғанын түсінген азаматша дереу полиция басқармасына арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 5,6 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы күдікті ұсталды.Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.