«Ауыл аманаты»: биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жасаған баяндамасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыс басшысы ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа бөлініп, 2023 жылы 3 миллиард теңгеге 406 жоба іске қосылып, 713 жұмыс орны ашылғанын айтты.
Сырдария ауданының «Бесарық» ауылындағы «Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда тұрғындардың 13 бизнес-бастамасы іске асырылып жатыр.
Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Озық тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданындағы 3-4 ауылда осындай бизнес-инкубаторлар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.