Үндістан туризм саласын қайта жандандырмақ

512
Үндістан алдағы 10 күннің  ішінде туристтер үшін қайта шекарасын ашып,туризм саласын жандандырмақ деп -  хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі   елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл үшін билік елге келетін алғашқы 500 мың мейманға тегін виза тарату жобасын қолға алмақ. Биліктің бұндай шешімге келуіне елдегі эпидемиологиялық ахуалдың оңалуы себеп. 

Айта кетсек, Үндістан саяхатшыларға электронды виза беруді өткен жылдың наурыз айында тоқтатқан еді. Бұған жер-жаһанды жайлаған пандемия себеп болды. Бүгінде Үндістанға туристер үшін 1 айлық визаның құны орта есеппен 25 доллар, ал бір жылға 40 доллар тұрады. Жаңа жоба үшін билік мемлекет қазынасынан 10 млн 800 мың АҚШ долларын бөлмек.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.