Apple ең жұқа iPhone Air және жаңа iPhone 17 моделін таныстырды

1 689

Фото: Apple/iPhone 17/ iPhone AirApple компаниясы дәстүрлі түрде жыл сайынғы жаңа өнімдерін таныстырды. Компания өз тарихындағы ең жұқа смартфонды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жылдың басты жаңалығы – iPhone Air смартфоны. Титаннан жасалған оның корпусының қалыңдығы небәрі 5,6 миллиметрге тең. Компания iPhone Air-ды өз тарихындағы ең жұқа смартфон деп атады. Смартфон Super Retina XDR дисплейімен, Ceramic Shield 2 қорғанысымен және A19 Pro процессорымен жабдықталған. Бұл үлгіде физикалық SIM-карталар толық алынып тасталып, тек eSIM қолданылады. Бағасы 999 доллардан басталады.

Сонымен қатар iPhone 17 жаңа Apple A19 процессорымен жұмыс істейді. Компания деректеріне сәйкес, ол алдыңғы буыннан 20% жылдамырақ. Смартфон бес түсте қолжетімді. iPhone 17 желісінің базалық моделінде үлкейтілген экран бар, ал iPhone 17 Pro — Apple смартфондарының ішінде ең сыйымды аккумулятормен жабдықталған. Бұған қоса, Pro және Pro Max модельдерінде құрылғының жұмыс уақытын ұзартатын жаңа салқындату жүйесі пайда болды.

Жаңа айфондардың бағасы АҚШ-та 429 мың теңгеден басталады.

Сондай-ақ таныстырылымда көрсетілген Apple Watch-тың үш жаңа моделінің бағасы – 249 доллар. Теңгеге шаққанда 133 мың теңгеден асады.  Жетілдірілген шуды азайту жүйесі мен лезде аудару функциясы бар AirPods Pro 3 құлаққаптарының құны – 250 доллар, яғни, 134 190 теңге.


Сатылым 19 қыркүйектен басталады!