Ипотеканы тиімді шартпен алудың негізгі талабы жарияланды

1 519

Фото: © ChatGpt көмегімен жасалдыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алдағы өзгерістер аясында қандай жағдайда ипотеканы төмен процентпен алуға болатынын айтты,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті көрсеткішін белгілейтін қаулыға өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатыр.

"Ипотекалық заемдар бойынша біз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мен алғашқы жарнаны үйлестіруді жоспарлап отырмыз. Нақты ұсыныс та бар. Оған сәйкес, алғашқы жарнаның көлемі 30 процент және одан артық болса, ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 процент болады. Ал алғашқы жарна 30 проценттен төмен болған жағдайда ипотеканың проценті жоғарылайды", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде банктер және басқа да қаржы ұйымдары бұл бастаманы кейінге шегеруді сұрап отыр.

"Дегенмен, бүгінде нарықтық ипотекалардың орташа мөлшерлемесі 20-22 процент шамасында болып тұр", - деп атап өтті агенттік басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.