RUB (0.00) 6.02 KZT
USD (0.00) 460.79 KZT
EUR (0.00) 490.51 KZT
Қоғам
55

Елімізде 40 мыңға жуық адам жұмыс істегісі келмейді

Қазақстанда жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ 39,5 мың адам тіркелген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтырғы жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Бюро дерегінше, толық жұмыспен қамтылмағандар саны былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9,9 пайызға өсіп, 268,9 мың адам болды.


Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны — 456,1 мың адам. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3 пайызға төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны — 39,5 мың адам.