Қаңтар қақтығысында қамалған азаматты азаптап өлтірген полиция капитаны 6 жылға сотталды

811

Семейде полиция қызметкері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс ҚК 146-бабының 3-бөлімі, 362-бабының 4-бөлімі бойынша қозғалған.


2022 жылғы 11 қаңтарда сағат 01.00 шамасында коменданттық сағатты бұзғаны үшін 1995 жылы туған азамат Е-нің ұсталған.


Полиция қызметкері А. күдіктіні полиция бөліміне әкелгеннен кейін Е-ге азаптау қолданылып, ол қайтыс болған.


А-ның кінәсі сол күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері жағынан азап қолданылған куәгердің көрсетулерімен расталды.


Сотпен қаралған іс бойынша сотталушының кінәсін бейнебақылау жазбасы, сот-медициналық сараптама қорытындысы және басқа да дәлелдемелер растайды.


Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамай, ақтауды сұрады.


Прокурор 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Сонымен қатар прокурор А-ны "полиция капитаны" арнаулы атағынан айырып, 10 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өндіруді талап етті.


Жәбірленуші (марқұмның ағасы) прокурордың ұстанымымен келісті.


Сот азамат А-ны ҚК 146 бабының 3 бөлімімен (азаптау) кінәлі деп таныды. ҚК 362 бабының 4 бөлімі бойынша шектен тыс тағылған айыппен алып тасталды.


Сот А-ның асырауында жас балалар бар екенін жеңілдететін мән-жай деп танып, төтенше жағдайда қылмыс жасағанын және антын бұзғанын ауырлататын мән-жай деп таныды.


Бүкіл мән-жайды еске ала отыра, сот сотталушы А-ны 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, "полиция капитаны" арнаулы атағынан айырып және жәбірленушінің пайдасына 9 миллион тенге моральдық шығын өндіру арқылы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.