Әкімдік берген үйдің ішінен шөп өсіп, қабырғалары қирауда
220
Жамбыл облысында әкімдіктен пәтер алған отбасылар оның сапасыз салынғанын айтуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Жиналғандар мұндай немкет ниетпен тұрғызылған нысан неліктен пайдалануға берілгенін түсінбейді. Меркі ауданындағы бұл жатақхана үш жыл бұрын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген. Жанар Қоңырбаеваның қызы да жалғызбасты ана есебінде екі бөлмелі пәтердің иесі атаныпты. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені біртіндеп бөлмелердің төбесіне сызат түсіп, қабырғасы ажырай бастаған.
Жұрттың сөзінше, барлық пәтерде осындай жағдай. Еденнен сыз тартып, қабырғасы көгерген. Cылақ түсіп жатыр дейді. Аула да жетісіп тұрған жоқ. Төсеніштерінің астаң-кестеңі шыққан.
Ал Жандос Үмбетов үйдегі жағымсыз иіске шыдау мүмкін екенін айтады. Себебі дәл пәтерінің түбіне шайынды су жиналатын шұңқыр қазылған.
Тұрғындардың сөзінше, олар баспана құжатын әлі күнге ала алмай жүр. Сондықтан пәтерді тартып алып, басқа біреулерге бергісі келе ме деп күдіктенеді. Ал шенеуніктер жағдайды бақылауға аламыз деп сендірді. Ал әлеуметтік пәтелердің құжатын бермеді дегені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Атқамінерлер 20 жылдан бері қараусыз тұрған ғимаратты үш жыл бұрын жөндеуден өткізіп пайдалануға бергенбіз дейді. Мердігер өз жұмысына бір-ақ жыл кепіл берген. Шенділер осы жолы бүлінгенді жөнеуге уәде беріп отыр. Бірақ келесіде тұрғындар үміттенбесін дейді.

Қыста үй екі сағатқа жетпей суып кетеді. Мына үйдің жағдайын көріп отырсыздар, қандай екенін. Опырылып ішіне түсіп кеткен кезі де болған. Ішіне кептерлер түсіп жатты. Оны әркім өзі жөндеп алды. Далада өсетін кәдімгі шөп үйдің ішіне өсіп жатыр. Жаз айында. Оны қалай түсінуге болады?, – деді Меркі ауданының тұрғыны Жанар Қоңырбаева.
Жұрттың сөзінше, барлық пәтерде осындай жағдай. Еденнен сыз тартып, қабырғасы көгерген. Cылақ түсіп жатыр дейді. Аула да жетісіп тұрған жоқ. Төсеніштерінің астаң-кестеңі шыққан.
Ал Жандос Үмбетов үйдегі жағымсыз иіске шыдау мүмкін екенін айтады. Себебі дәл пәтерінің түбіне шайынды су жиналатын шұңқыр қазылған.
Екі кішкентай балам бар. Екі жыл болып қалды, есікті ашсам мүңкиді. Иісі қатты шығады. Осы шұңқырды әрі қарай ауыстырып берсе, – дейді Жандос Үмбетов.
Тұрғындардың сөзінше, олар баспана құжатын әлі күнге ала алмай жүр. Сондықтан пәтерді тартып алып, басқа біреулерге бергісі келе ме деп күдіктенеді. Ал шенеуніктер жағдайды бақылауға аламыз деп сендірді. Ал әлеуметтік пәтелердің құжатын бермеді дегені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ол жерде құжат жасалды. Толық біткен жоқ. Қателеспесем, екі-үш адам ғана қалды. Олар да құжатын алады. Одан проблема жоқ. Алаңда түсіп кеткен жерін демеушілер көмегімен қалпына келтіреміз. Шұңқырдың мәселесін зерделейік, – деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.