АУДАН БАСШЫСЫ ДАУЫЛКӨЛ, АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

175
Бүгін аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Дауылкөл және Ақжар ауылдық округтерінің халықпен кездесуі өткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде аудан әкімі  ауыл тұрғындарының әл-ауқатын,тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға және алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. 

Атап айтсақ,Тұрмағамбет және Ақжар ауылдарына дәрігерлік амбулаторияның құрылысына жоба-сметалық құжаттамасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құжаттама әзірлендігін және алдағы уақытта жоғары тұрған бюджеттерден қаржы сұратылып, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар атқарылатындығы, сонымен бірге Ақжар ауылындағы Ж. Жабаев көшесіне жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға жүзеге асыру жоспарланып отырылғандығы айтылды. 
Дауылкөл ауылдық округі бойынша бүгінгі күнге тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 81 бірлік, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары 77 бірлік болса,  Ақжар ауылдық округінде салыстырмалы жағдайда кәсіпкерлік субъектілер саны 86 бірлік, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары 79 бірлікті құраған. 
Сондай-ақ ауылдық округтер бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында  өз ісін жаңадан бастаймын деген жұмыссыз 31 азамат құны 37,9 млн.теңгенің грантын жеңіп алған. Осы тұрғыда  аудан әкім өз сөзінде әліде болса екі елді мекеннің жұмыссыз азаматтарын   мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер алып, кәсіппен айналысуға болатындығын жеткізді.

Сонымен қатар кездесу аясында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есебі тыңдалып,  тұрғындар тарапынан қаузаланған мәселелер жөнінде көкейкесті сауалдарға заңдылықтар тұрғысынан түсіндірме жүргізілді.  Аталмыш ауылдық округтердің әлі де болса әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүзеге асатындығы айтылды.