Ресейдегі әскери институттардың бірінде 19 жастағы қазақстандық курсант атылып өлді

826
Ресейдегі Саратов қаласында әскери институттардың бірінде 19 жастағы қазақстандық курсант өзін атып тастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Саратов 24" сайтына сілтеме жасап. 



Оқиға 19 ақпанда Ф.Э.Дзержинск атындағы ұлттық гвардия әскерінің институтында болған. Курсанттың мәйіті 19:00 шамасында табылған. Бұған дейін ол 18:00-де Калашников автоматын ұстап кезекшілікке шығыпты. 

Бірақ уақыттан соң курсанттар қаруды өткізуге қойма алдында жиналған. Алайда қазақстандық курсант кептіргіш бөлмеге кетіп қалыпты. Қайғылы оқиға да дәл осы жерде орын алған. Әзірге мамандар курсант өзіне қол салуы мүмкін деп топшылап отыр.

Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, мән-жайы анықталады, – деді Росгвардия аймақтық басқармасының баспасөз қызметі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.