Өзбекстан азаматы қала орталығында оқ жаудырды
171
Шымкентте қару-жарақ сататын дүкенді тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сәйкес ер адам қару сататын дүкенге келіп, сатушыдан "Сайга" маркалы қаруды көрсетуді сұраған. Қаруды алған соң сатушыны өзімен алып келген шолақ мылтықпен қорқытып, оқтап беруді талап етіпті. Дабыл бойынша келген екі күзетші ер адамды тоқтатпақ болғанда күдікті оларға қарсы оқ атқан. Нәтижесінде күзетшілердің бірі білегінен жарақат алды, ал екіншісіне оқ брондалған кеудешесіне тиді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшесінде орналасқан қару-жарақ дүкеніндегі дабыл батырмасы іске қосылған. Оқиға орнынан қашпақ болған ер полиция көлігіне отырыпты. Сол сәтте оны Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған "Сайга" карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.