Қызылорда тұрғыны пәтер аламын деп қомақты қаржысынан қағылды

236
Қызылордада бұрын сотты болған азаматша қайта алаяқтық жасады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, 2019 жылдың желтоқсан айында белгісіз азаматша пәтер алып беремін деп баспана алуға жәрдемдесуге уәде беріп, 1,6 млн теңге ақшасын алдап алған. 

Көп ұзамай арызданушы жақ ешқандай нәтиже көрмей, ақшаларын қайтаруды талап етеді. Бірақ күдікті азаматша құрғақ уәдемен ауыз толтырып, алған ақшаны қайтаруға еш асықпады.Қылмысты ашу барысында қалалық Полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы бұрын сотты болған қала тұрғыны құрықталды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.