Қазалыда туған әкесі 7 жасар қызын зорламақ болған

2 610

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде туған әкесі жеті жасар қызын түс мезгілінде өз үйінде зорламақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы  Instagram  әлеуметтік желісінде жарияланған болатын. Жазбада 

".... ешкім жоқта зорламақ болып,  өзі тыр жалаңаш шешініп, қызында еріксіз күштеп шешіндіріп, зорламақ болып жатқанда, 6 - сыныпта оқитын ағасы келіп әкесімен алысып жүріп, таяқ жеп, қарындасын далаға қашырып жібереді. Көршісі шешесіне хабар беріп шақыртады. Осындай ауыр қылмысты шешесі күйеуінің туыстарынан қорқып, ешкімге айтпаған. Қызы үйге бармаймын деп шырылдап жылаған.",- делінген. 


Ал, жергілікті полиция қазіргі таңда сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әректі жүріп жатқандығын жасырмады:

"Аталған дерек бойынша Қазалы ауданының тұрғыны берген арызы негізінде Қазалы аудандық Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті азамат Полиция бөліміне қамалды. Ic бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән - жайы анықталуда.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді",- деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.