Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап кетті

306

Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ер адам ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  lada.kz-ке сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz


Қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні 17-шағын ауданда болған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

«Сағат 03:50-де кезекші бөлімге мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігіттің ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Марқұм еңбек демалысында болған»,— деп түсіндірді ведомство.


Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.