Премьер-Министр «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

379
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің 2022 жылғы 9 айдағы қызметінің мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Директорлар кеңесі ағымдағы жылдың ІІ тоқсаны бойынша тәуекелдер жөніндегі есепті және ІІІ тоқсаны бойынша ішкі аудит қорытындыларын тыңдады.

Сондай-ақ 2023 жылға арналған даму жоспары мен жылдық бюджетті және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020-2022 жылдары ақша қаражатын пайдалануы туралы есеп, холдинг қаражатының әрі қарайғы қозғалысы туралы болжам ұсынылды, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі сайланды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.