Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты

2 559

Фото: MetalMiningInfo.kz2025 жылдың қараша айында республика 49 тонна алтын сатып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Ал көш бастаған Польша елі 80 тонна алтын сатып алғаны мәлім болды.  Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) ақпаратына сәйкес, орталық банктер алтынға деген жоғары сұранысты сақтап қалды. Алайда сатып алу көлемі қазан айымен салыстырғанда төмен болған.

“Қараша айында реттеуші органдар жалпы көлемі 45 тонна алтын сатып алған. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Ұлттық банкі ең белсенді сатып алушылардың қатарында болып, 8 тонна бағалы металл сатып алып, төртінші орынға шықты”, – делінген World Gold Council деректерінде. 

2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында орталық банктер 297 тонна алтын сатып алған. Ең ірі ресми сатып алушы – Польша Ұлттық банкі. Ол шамамен 95 тонна бағалы металл сатып алған. Қазақстан Ұлттық банкі 49 тоннамен екінші орында. Одан кейін Бразилия (43 тонна), Түркия (27 тонна) және Қытай (26 тонна алтын).