Әзербайжан Қазақстанның мұнай секторына инвестиция салуға дайын

2 544

Фото: KazinformБұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) Президенті Ровшан Наджафтың кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Кездесу барысында Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың барлық салада, соның ішінде мұнай саласында да табысты дамып келе жатқанын атап өтті.


2023 жылы Қазақстан мұнайы Әзербайжан аумағы арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан құбырымен тасымалдана бастады. 2023 жылы Ақтау портынан Әзербайжанға 1057 мың тонна қазақстандық мұнай жөнетілді. 2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында бұл көрсеткіш 490 мың тоннаны құрады.


2024 жылғы наурыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» бен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісімге және қазақстандық мұнайды сатып алу-сату саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Қазіргі уақытта тараптар көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруда. Қазақстан Әзербайжанның Баку-Супса мұнай құбырын пайдалану туралы ұсынысын да зерделеуде. Бұл бағыттағы тасымалдау коммерциялық шарттарға байланысты болады.


Ровшан Наджаф бауырлас Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ерекше қарым-қатынасты атап өтті. Ұлттық мұнай-газ компаниялары арасындағы өзара іс-қимылдың табысты дамып келе жатқанына назар аударды.


Кездесуде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасу болды. Атап айтқанда, Әзербайжан тарапы қазақстандық мұнай кен орындарына қызығушылық танытып, Қазақстанға бұл бағыт бойынша инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.