Қазақстан Ұлттық Банкі тағы бір жаңа коллекциялық монеталар шығарады

2 142

Фото: Zakon.kzҚазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталардың шығуы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тиісті ақпаратты бүгін, 2024 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанды монеталар арқылы таны" монеталар сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын 2024 жылдың 28 тамызынан бастап сатуға шығарылатынын жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.