Қазақстан астық экспорттайтын елдердің ішінде Өзбекстан мен Қытай көш бастап тұр
Қазақстан Иран мен Әзербайжанға қайтадан астық жіберуді бастайтын болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құрады.
Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.