Алғашқы жарты жылдықта ел экономикасы 4,1% өскен

2 518

Фото:© Үкімет2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің жаңа макроэкономикалық көрсеткіштерін ұсынған. Қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда қарқын 0,4 % тармаққа жақсарған. Негізгі серпінді 4%-дан 5,1%-ға дейін көтерілген нақты сектор қамтамасыз еткен. Қызмет көрсету саласы 3,5%-ға өскен. Ең жоғары өсім құрылыс, өңдеу өндірісі, көлік және сауда салаларында тіркелді. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен байланыс саласында да оң серпінсақталған.

"Жыл басынан бері экономика жеделдеп келеді. Оң динамика нақты сектордағы өсу қарқынын арттыру есебінен қамтамасыз етілуде. Экономика өсуінің негізгі қозғаушы күші мұнайға қатысты емес сектор болып қала береді. Биыл мұнай емес сектордың өсу қарқыны тұрақты түрде 5%-дан асуда", – деді Серік Жұманғарин.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,5 трлн теңгені құрап, 9,6%-ға өскен. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 21,4%-ға артып, жалпы құрылымда 87%-ды құраған. Ең жоғары өсім ақпарат және байланыста – 2,3 есе, құрылыста – 38,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 33,3%, ауыл шаруашылығында – 24,6% және көлік саласында – 11,6% тіркелген. Сыртқы саудада қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы $56,3 млрд-ты құраған. Экспорт $30,4 млрд-қа жеткен, импорт $26 млрд сауда балансының профициті $4,4 млрд-тан асқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.