Еуразиялық экономикалық одақ тауарлардың шығу тегін растау рәсімін жеңілдетеді
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың преференциялық емес шығу тегін айқындау қағидаларына өзгеріс енгізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Құжат бұрын тарифтік жеңілдіктер алу үшін берілетін сертификаттарды енді тауардың шыққан елін растау үшін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде ЕАЭО-ға импортталатын бірқатар тауарды кедендік ресімдеу үшін талап етілетін құжаттар саны азаяды.
Сондай-ақ, тауардың шығу тегін растайтын сертификаттарда межелі ел ретінде ЕАЭО-ға мүше кез келген мемлекетті немесе тұтастай одақты көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл тауарды түпкілікті алушы бес елдің қайсысында орналасқанына қарамастан қолданылады.
Бұл үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одаққа жеткізу кезінде жүк алушы өзгерген жағдайда кедендік ресімдеу үдерісін жеңілдетеді.







