Еуразиялық экономикалық одақ тауарлардың шығу тегін растау рәсімін жеңілдетеді

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Sputnik.kzЕуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың преференциялық емес шығу тегін айқындау қағидаларына өзгеріс енгізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Құжат бұрын тарифтік жеңілдіктер алу үшін берілетін сертификаттарды енді тауардың шыққан елін растау үшін де пайдалануға мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде ЕАЭО-ға импортталатын бірқатар тауарды кедендік ресімдеу үшін талап етілетін құжаттар саны азаяды.

"Қабылданған шешім тауарларды кедендік ресімдеуді жеңілдетуге бағытталған. Ең алдымен, бұл одақпен еркін сауда туралы келісім жасаған елдерден тауар жеткізу кезінде импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін қолданылатын құжаттар санын қысқартуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК-тің сауда министрі Андрей Слепнев.

Сондай-ақ, тауардың шығу тегін растайтын сертификаттарда межелі ел ретінде ЕАЭО-ға мүше кез келген мемлекетті немесе тұтастай одақты көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл тауарды түпкілікті алушы бес елдің қайсысында орналасқанына қарамастан қолданылады.

Бұл үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одаққа жеткізу кезінде жүк алушы өзгерген жағдайда кедендік ресімдеу үдерісін жеңілдетеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.